"AMF Group" АҚ Директорлар кеңесі 1,1 млн KZ1C00000512 (AKFI) жай акциясын орналастыру туралы шешім қабылдады

25.01.23 10:58
/KASE, 25.01.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "AMF Group" АҚ (Астана) Директорлар кеңесінің компанияның KZ1C00000512 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, AKFI) 1 123 356 жай акциясын инвесторлардың шексіз шеңбері арасында ұйымдастырылмаған нарыққа жазылу әдісімен бір акция үшін 258 теңге бағамен орналастыру туралы 2023 жылдың 23 қаңтарындағы шешімі туралы KASE-ге хабарлады. Толық ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/AKFI/akfi_info_reshenie_sd_230123_17.pdf [2023-01-25]