"Алтай Ресорсиз" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

20.01.23 14:54
/KASE, 20.01.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Алтай Ресорсиз" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 26 220 170 дана; - компанияның арлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға SYNTECH FZE (ЕЭА, Шарджа) болып табылады. [2023-01-20]