"ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00002749 (KAFIb3) облигациялары айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

16.01.23 09:23
/KASE, 16.01.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 16 қаңтарынан бастап "ҚазАгроҚаржы" (Астана) KZ2C00002749 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KAFIb3; 1 000 теңге, 17,0 млрд теңге; 16.07.14 – 16.01.23; жартыжылдық купон, жылдық 8,00%; 30/360) айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарлығанын хабарлайды. Аталған облигациялар 2014 жылдың 16 шілдесінен бастап "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізіліп, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатында болған. Олармен сауда-саттық 2014 жылдың 27 тамызынан бастап ашылған. [2023-01-16]