"Fincraft" Инвестициялық үйі" АҚ брокерлік және дилерлік қызметті және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын өз еркімен тоқтатуға ниетті

30.12.22 12:00
/KASE, 30.12.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Fincraft "Инвестициялық үйі" АҚ (Алматы, бұдан әрі дәйексөзде – Қоғам), KASE-ге былай деп хабарлады: дәйексөздің басы Қоғам Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 21.08.2019 жылы бағалы қағаздар нарығында мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға Қоғамға берілген №3.2.232/11 лицензиясының қолданылуын тоқтату туралы лицензиар органға ерікті түрде жүгінуге дайындық туралы шешім қабылдады: 1) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызмет; 2) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет. дәйексөздің соңы Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/IDFC/idfc_information.pdf [2022-12-30]