"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма құрамы өзгертілді

08.12.22 11:12
/KASE, 08.12.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) жалғыз акционердің 2022 жылдың 30 қарашасындағы шешімімен компания Басқармасының құрамына келесі өзгертулер енгізілгені туралы KASE-ге хабарлады: - шығарылды: Закарьянов Т.К., Омаров Т.Е.; - сайланды: Карнакова Н.Ш. Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ Басқармасы бес адамнан тұрады: Джувашев А.Б., Даутов Д.А., Теньбаев С.Т., Карнакова Н.Ш., Ашимов А.А. Бұл ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/PRKR/prkr_board_changes_301122_2877.pdf [2022-12-08]