05 желтоқсанда "Шұбаркөл көмір" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

04.11.22 14:32
/KASE, 04.11.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Шұбаркөл көмір" АҚ KASE-ге 2022 жылдың 05 желтоқсанында сағат 12:00-де оның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатыны туралы хабарлады. Күн тәртібіндегі жалғыз мәселе "2022 жылдың 3 тоқсандағы қорытындысы бойынша дивидендтер туралы, қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері" мәселесі болып табылады. Жиналысты өткізу туралы ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/SHUK/shuk_special_shareholders_meeting_info_051222_4103.PDF [2022-11-04]