14 қазанда "AMF Group" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы өтеді

13.09.22 17:47
/KASE, 13.09.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "AMF Group" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2022 жылдың 14 қазанында оның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы өтетіні туралы хабарлады. Күн тәртібіндегі жалғыз мәселе "AMF Group" АҚ есептеу комиссиясын сайлау туралы. Аталған жиналысты өткізу туралы ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/AKFI/akfi_special_shareholders_meeting_info_141022_125.pdf [2022-09-13]