"UD Capital" АҚ GIPS халықаралық стандарттарға сәйкестігі туралы хабарлады

07.09.22 15:12
/KASE, 07.09.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) мүшесі болып табылатын "UD Capital" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына баспасөз-релизін ұсынды, онда мыналар хабарланады: ... "UD Capital" АҚ CFA институтының инвестициялық қызметінің (Global Investment Performance Standards) жаһандық стандарттарына сәйкестігі туралы хабарлайды, осылайша Қазақстанда GIPS стандарттарын енгізген алғашқы компания болды. "GIPS халықаралық стандарттарын енгізу компанияны дамыту жолындағы маңызды қадам болып табылады. Біз үшін бұл Қазақстанда бірінші болу және сонымен қатар үздік әлемдік практикаларға сай болу үлкен жауапкершілік. Біз өз клиенттеріміз үшін озық шешімдерді іздеуді жалғастырамыз, олардың сенімін біз өте бағалаймыз", – деп түсіндірді "UD Capital" АҚ Басқарма Төрағасы Ерболат Елешев. ... Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы KASE интернет-сайтында – https://kase.kz/files/emitters/UDCAP/udcap_relizs_060922.pdf жарияланған. [2022-09-07]