"Қазақстан Халық жинақ банкі " АҚ 2022 жылдың 30 маусымына, алты айға аяқталған шоғырландырылған қаржылық нәтижелері туралы хабарлады

16.08.22 17:59
/KASE, 16.05.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) 2022 жылдың 17 тамызындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: ... "Қазақстан Халық Жинақ Банкі" акционерлік қоғамы және оның еншілес ұйымдары (бұдан әрі – Банк) (Лондон қор биржасындағы тикер: HSBK) шоғырландырылған қаржылық ақпаратты 2022 жылғы 30 маусымына аяқталған алты ай үшін жариялайды. Қарапайым акционерлерге таза пайда, негізінен, "Сбербанк" АҚ ЕБ-нен несие қоржынын сатып алуды және шетел валютасымен операциялар бойынша таза пайданы қоса алғанда, кредиттік бизнестің айтарлықтай өсуінің арқасында 2021 жылғы 2 тоқсандағы 128.6 млрд. теңгеден 2022 жылғы 157.2 млрд. теңгеге дейін 22.2% - ға ұлғайды. ... Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы KASE интернет-сайтында: - https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs_160822.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_160822_en.pdf – ағылшын тілінде жарияланған. [2022-08-16]