"Компания Фаэтон" ЖШС қатысушылары 2021 жылға серіктестіктің таза табысын бөлді

16.08.22 16:51
/KASE, 16.08.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Компания Фаэтон" ЖШС (Алматы) KASE-ге оның қатысушыларының 2022 жылдың 15 тамызында өткен кезектен тыс жалпы жиналысының шешімі туралы хабарлады: 2021 жылғы таза табысты серіктестікке қатысушыларға жарғылық капиталдағы үлестерге пропорционалды бөлу. Аталмыш ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/FATN/fatn_special_shareholders_meeting_results_150822_197.pdf [2022-08-16]