"Kazakhmys Copper" АҚ(Қазақмыс Коппер) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
21.07.22 15:55
/KASE, 21.07.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Kazakhmys Copper" АҚ(Қазақмыс Коппер) биржаға өзінің акцияларын
ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша
үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 35 000 000 000 дана;
- компанияның 34 750 000 000 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға KCC B.V. болып табылады.
[2022-07-21]