"ForteBank" АҚ Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгертулер туралы хабарлады

07.06.22 19:26
/KASE, 07.06.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "ForteBank" АҚ (Нұр-Сұлтан) Қазақстан қор биржасына (KASE) келесі баспасөз хабарламасын ұсынды: ... ForteBank " АҚ (Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Нұр-сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 8/1) (бұдан әрі – "Банк") Банктің Директорлар Кеңесі құрамындағы өзгеріс туралы хабарлайды. Банк Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2022 жылғы 7 маусымдағы шешіміне (№02/22 хаттама) сәйкес, 2022 жылғы 7 маусымнан бастап Ерлан Маратұлы Оспанов Банктің акционері, Болат Жәмитұлы Өтемұратовтың мүдделерін білдіретін өкіл ретінде Банктің Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Осылайша, 2022 жылғы 7 маусымнан бастап Банктің Директорлар кеңесінің құрамы келесідей болады: * акционердің мүдделерінің төрт өкілі: Өтемұратов Әнуар Болатұлы, Исатаев Тимур Ризабекұлы, Мирзабеков Марлен Оразбекұлы, Оспанов Ерлан Маратұлы; * екі тәуелсіз директор: Абдразаков Ельдар Советович және Пандза Хуберт. ... Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы KASE интернет-сайтында – https://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_relizs_070622.pdf жарияланды. [2022-06-07]