"Standard Life" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы сайланды

06.06.22 17:57
/KASE, 06.06.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Standard Life" өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы) 2022 жылдың 31 мамырында болып өткен акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен компанияның Директорлар кеңесінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілгені туралы KASE-ге хабарлады: - шығарылды: Кайранова Ж.Т. – тәуелсіз директор, Директорлар кеңесінің мүшесі, Гилимов А.К. – Директорлар кеңесінің мүшесі. - сайланды Альжанов Ж.К. – Директорлар кеңесінің мүшесі, Кожахметов К.Б – тәуелсіз директор Директорлар кеңесінің мүшесі. Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "Standard Life" АҚ Директорлар кеңесі алты адамнан тұрады: Альжанов М.К., Конурбаев Е.Е., Ли Т.В., Буранбаев А.Б., Альжанов Ж.К., Кожахметов К.Б. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/SKSL/sksl_board_changes_310522_1978.pdf [2022-06-06]