"Коммеск-Өмiр" Сақтандыру компаниясы" АҚ акционерлері 2021 жылға дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады

31.05.22 11:30
/KASE, 31.05.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Коммеск-Өмiр" Сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы) KASE-ге 2022 жылдың 26 мамырында өткен акционерлерінің жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады: - компанияның 2021 жылғы жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін. 2021 жылғы аудиторлық есеп назарға алынсын; - компанияның 2021 жылғы қаржылық нәтижесін назарға алсын, 2021 жылдың қорытындылары бойынша дивидендтер есептемей және төлемей, 2021 жылғы таза пайданың бүкіл сомасын компанияның меншікті капиталын ұлғайтуға бағыттасын. Аталмыш ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/KMSO/kmso_special_shareholders_meeting_results_260522_1199.pdf [2022-05-31]