08 маусымда Nostrum OIL & GAS PLC акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтеді

24.05.22 11:55
/KASE, 24.05.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде орналасқан NOSTRUM OIL & GAS PLC (Лондон) компаниясы өз акционерлерінің жыл сайынғы жалпы жиналысын өткізу туралы KASE-ге хабарлама берді, онда мыналар хабарланады: цитатаның басы Компанияның жыл сайынғы жалпы жиналысы 2022 жылдың 8 маусымында таңғы сағат 11:00-де (Британдық жазғы уақыт бойынша) "White & Case" ЖШС- нің 5 Old Broad Street, London (Лондон қ.) мекен-жайындағы кеңселерінде өтеді. Жыл сайынғы жалпы жиналысты өткізу туралы хабарламада көрсетілгендей: - біз акционерлерге барлық шешімдер бойынша сенімді тұлға арқылы дауыс беруге кеңес береміз; сондай-ақ - жиналыстың мақсатына қатысты кез-келген сұрақтар жыл сайынғы жалпы жиналыс басталғанға дейін компанияның хатшысына хат жіберу арқылы ұсынылуы керек IR@nog.co.uk. 2022 жылғы 6 маусымда таңғы 11:00-ден кешіктірмей (Британдық жазғы уақыт бойынша) біз барлық алынған сұрақтарды қарастырамыз және жазбаша жауап береміз. цитатаның соңы Хабарламаның толық нұсқасы KASE интернет-сайтында орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/GB_NTRM/gb_ntrm_relizs_230522.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/GB_NTRM/gb_ntrm_relizs_230522_en.pdf – ағылгын тілінде. [2022-05-24]