"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді

16.05.22 11:43
/KASE, 13.05.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Нұр-Сұлтан) акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен 2022 жылдың 26 сәуірінен Директорлар кеңесінің мүшесі, компанияның тәуелсіз директоры болып Мадиев С.Н. сайланғаны туралы Биржаға хабарлады. "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Директорлар кеңесінің құрамына енгізілген өзгертулерді ескере отырып, жеті адамнан тұрады: Айдапкелов Н.С., Джуанышбаева А.К., Сон В.В., Аширбеков А.Б., Dinkelaker Jorg Andreas, Weinstein Michael, Мадиев С.Н. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/AGKK/agkk_board_changes_260422_7626.pdf [2022-05-16]