"RG Brands" АҚ акционерлері қатысушылары 2021 жылға дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

25.04.22 12:23
/KASE, 25.04.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "RG Brands" АҚ (Алматы) өз акционерлерінің 2022 жылдың 21 сәуірінде болып өткен кезектен тыс жалпы жиналысының шешімдері туралы Биржаға хабарлады. Акционерлер, соның ішінде, мынадай шешімдер қабылдады: - "Делойт" ЖШС аудиторлық есебімен расталған компанияның 2021 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігі бекітілсін. - компанияның 2021 жылғы таза табысын бөлудің келесі тәртібі бекітілсін: салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін бір жай акцияға 2 050 теңге есебімен 2021 жылға 7 078 096 500 теңге жай акциялар бойынша дивидендтер есептеу және төлеу, дивидендтерді төлеудің басталу күні – 2022 жылғы 21 сәуір. Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі жеті мәселе бойынша шешім қабылданды. Бұл ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/RGBR/rgbr_special_shareholders_meeting_results_210422_79.pdf [2022-04-25]