"Standard Life" Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ Басқармасының құрамы өзгертілді

13.04.22 11:40
/KASE, 13.04.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Standard Life" Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы) Директорлар кеңесінің 2022 жылдың 07 сәуіріндегі шешімімен Басқарма құрамынан Басқарма төрағасының орынбасары Н.К. Толықбаев шығарылғаны туралы хабарлады. Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "Standard Life "Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ Басқармасы үш адамнан тұрады: Қоңырбаев Е. Е., Мокшин М. В., Юсупов Ф. Р. Осы ақпарат орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/SKSL/sksl_board_changes_070422_1268.pdf [2022-04-13]