07 сәуірден бастап "АРКАДА ИНДАСТРИ" ЖШС KZ2P00008493 (ARCDpp1) облигациялары KASE ресми тізіміне "Жиі орналастыру" алаңына енгізілді

07.04.22 11:25
/KASE, 07.04.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2022 жылдың 06 сәуіріндегі шешімімен "АРКАДА ИНДАСТРИ" ЖШС (Қарағанды) KZ2P00008493 (ARCDpp1, 100 000 теңге, 2,8 млрд теңге, 10 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 25,50% ; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне баламалы алаңының "Жиі орналастыру алаңы бойынша енгізілді. Листинг комиссиясының осы шешімі 2022 жылдың 07 сәуірінен бастап күшіне енді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланады – https://kase.kz/ru/issuers/ARCD/ [2022-04-07]