"ForteLeasing" (ФортеЛизинг) АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді

06.04.22 11:36
/KASE, 06.04.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ForteLeasing" (ФортеЛизинг) АҚ (Алматы) өзінің жалғыз акционерінің 2022 жылдың 30 наурызындағы шешімімен Компанияның Директорлар Кеңесінің құрамына келесі өзгертулер енгізілгені туралы Биржаға хабарлады: - Пирматов Б.О. – Директорлар кеңесінің төрағасы, шығарылды; - Нурумбет Ш.М. – Директорлар кеңесінің мүшесі, сайланды. Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "ForteLeasing" (ФортеЛизинг) АҚ Директорлар кеңесі үш адамнан тұрады: Нурумбет Ш.М., Садыбеков А.А., Жакежанов М.Ю. Бұл ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/TMLZ/tmlz_board_changes_300322_191.pdf [2022-04-06]