/KASE, 28.03.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ЭКОТОН+" АҚ (Нұр-Сұлтан) оның жалғыз акционерінің
2022 жылдың 24 наурызындағы шешімдері туралы Биржаға хабарлады.
Акционер, соның ішінде, мынадай шешімдер қабылдады:
- 2021 жылдың үшінші тоқсанның қорытындылары бойынша
238 281 750 теңге сомасындағы таза табыстың бір бөлігі дивидендтер
төлеуге жіберілсін;
- дивидендтерді төлеу мерзімдері: 2022 жылдың 25 наурызы – 24 маусымы
деп белгіленсін;
- бір жай акцияға арналған дивиденд мөлшері – 2 118,06 теңге мөлшерінде
бекітілсін.
Толық ақпарат жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/EKTN/ektn_decision_sole_240322_93.pdf
[2022-03-28]