"Kaspi Bank" АҚ қатысушылары 2021 жылға жай және артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

25.03.22 09:36
/KASE, 25.03.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Kaspi Bank" АҚ (Алматы) өз акционерлерінің 2022 жылдың 24 наурызында болып өткен кезектен тыс жалпы жиналысының шешімдері туралы Биржаға хабарлады. Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады: - Банктің 2021 жылға шоғырландырылған жылдық қаржылық есебін аудитор есебін ескере отырып бекітілсін; - Банктің 2021 жылға жай және артықшылықты акциялары бойынша бір акцияға 2 700 теңге көлемінде дивиденд төлеуді жүзеге асырсын. Бұл ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/CSBN/csbn_special_shareholders_meeting_results_240322_27.pdf [2022-03-25]