26 сәуірде "AMF Group" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы болып өтеді

24.03.22 11:21
/KASE, 24.03.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "AMF Group" АҚ (Нұр-Сұлтан), 2022 жылдың 26 сәуірінде акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы келесі күн тәртібімен болып өтетіні туралы Биржаға хабарлады: - 2021 жылдың қорытындысы бойынша компанияның шоғырландырылған және жеке қаржылық есеп берушілігін бекіту; - 2021 жылға компанияның таза табысын бөлу тәртібін бекіту және жай акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы; - компанияның және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне акционерлердің жүгінулері туралы; - 2022 жылға компанияның қаржылық есебіне аудит жүргізуші ұйымын анықтау туралы. Аталмыш жиналысты өткізу туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/AKFI/akfi_special_shareholders_meeting_info_260422_48.pdf [2022-03-24]