24 наурыз күні "Шұбаркөл көмір" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

21.02.22 14:21
/KASE, 21.02.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Шұбаркөл көмір" АҚ (Алматы) 2022 жылдың 24 наурызында сағат 10:00-де өз акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатынын Биржаға хабарлады. Күн тәртібіндегі жалғыз мәселе: мүдделі ірі мәмілеге өзгертулер енгізу туралы. Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/SHUK/shuk_special_shareholders_meeting_info_240322_0687.PDF [2022-02-21]