09 ақпаннан бастап KASE сауда-саттық жүйесінде және деректер қорында "Ауыл шаруашылығына қаржылай қолдау көрсету қоры" АҚ KZ2C00002962 (FAGRb1) және KZ2C00003465 (FAGRb2) облигациялары бойынша эмитент ауыстыру жүргізілді және олардың сауда-саттықтары қайта басталады

09.02.22 10:03
/KASE, 09.02.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2022 жылдың 09 ақпанынан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер қорында "Ауыл шаруашылығына қаржылай қолдау көрсету қоры" АҚ "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамына келесі облигациялары бойынша эмитентті ауыстыру жүргізілді: 1) KZ2C00002962 (KASE негізгі алаңы, «облигациялар» санаты, FAGRb1); 2) KZ2C00003465 (KASE негізгі алаңы, «облигациялар» санаты, FAGRb2). Аталмыш облигациялардың қолданыстағы сауда-саттық кодары өзгертілмейді. "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ KASE -ге 2022 жылдың 26 қаңтарында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі тіркеген аталған облигациялардың шығарылым проспектілеріне өзгерістер мен толықтырулардың көшірмелерін, сондай -ақ "Ауыл шаруашылығына қаржылай қолдау көрсету қоры" АҚ эмитентінің атауының KASE сайтында орналастырылған "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ -на ауысуына байланысты бұрын шығарылған эмиссиялардың орнына бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу - https://kase.kz/ru/issuers/AGKK/ сілтемесі бойынша. 2021 жылдың 09 ақпанынан бастап Қазақстан қор биржасында 2021 жылдың 23 желтоқсанынан бастап тоқтатылған аталмыш облигацияларен сауда- саттық жаңартылды. Бұған дейін осы тақырып бойынша 2021 жылдың 22 желоқсанында "23 желтоқсаннан бастап "Ауыл шаруашылығына қаржылай қолдау көрсету қоры" АҚ KZ2C00002962 (FAGRb1) және KZ2C00003465 (FAGRb2 облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылды атты KASE жаңалықтары жарияланған болатын – https://kase.kz/ru/news/show/1475093/ [2022-02-09]