"Нұрбанк" АҚ S&P Global Ratings агенттігі банктің рейтингілік бағалауын растағаны туралы хабарлады, болжам "Тұрақты"

02.02.22 10:25
/KASE, 02.02.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Нұрбанк" АҚ (Алматы) Биржаға баспасөз мәлімдемесін ұсынып, былай деп хабарлады: цитатаның басы ҚР институционалдық құрылымындағы өзгерістерге және "S&P Global Ratings" қайта қарауына байланысты банк секторының даму үрдісі мен салалық тәуекелдерін бағалау қазақстандық 8 банктің рейтингін растады. "S&P Global Ratings" халықаралық рейтингілік агенттігі "Нұрбанк" АҚ кредиттік рейтингтерін "В-/В" деңгейінде растады, болжам – "Тұрақты". Агенттік сарапшылары олардың болжамы 2022 жылы қосымша капитал құю үшін қажеттіліктің болмауын, кредиттік портфельдің шамамен 5-7 %-ға өсуін және таяудағы екі жылда кредиттік портфельдің орташа көлемінің 3 %-ға барабар көлемде қосымша провизиялар қалыптастыруға арналған шығыстарды болжайтынын атап өтті. цитатаның соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/NRBN/nrbn_rating_270122_001.pdf [2022-02-02]