"Phystech II" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
28.01.22 11:26
/KASE, 28.01.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Phystech II" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі
жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін
ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 18 500 000 дана;
- компанияның 99 100 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "ХОЛДИНГОВАЯ КОМПАНИЯ "КАЗТУРБОРЕМОНТ" ЖШС
болып табылады.
[2022-01-28]