04 ақпанға тағайындалған "Dosjan temir joly" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтырулар енгізілді

27.01.22 12:12
/KASE, 27.01.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Dosjan temir joly" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2022 жылдың 04 ақпанына тағайындалған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін келесі мәселелермен толықтыру туралы хабарлады: - Директорлар кеңесінің мүшесі – Компанияның тәуелсіз директоры А.Г. Григорянның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы; - Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі Компанияның тәуелсіз директоры Л.С.Мусинаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы; - Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор А.Массалимованы сайлау туралы; - Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор Нобуюки (Ник) Аракава сайлау туралы; Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/DTJL/dtjl_meeting_040222_.pdf [2022-01-27]