"RG Brands" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

26.01.22 10:40
/KASE, 26.01.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "RG Brands" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 3 600 000 дана, артықшылықты акциялар саны – 1 200 000 дана; - компанияның 3 452 730 жай акциялары және 789 500 артықшылықты акциялары орналастырылған; - компания өзінің 1 865 466 жай акциясын және 789 500 артықшылықты акциясын кері сатып алды; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға Қ.Қ.Мәжібаев болып табылады, оның меншігінде 1 519 771 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 95,75 % немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 35,82 %) бар. [2022-01-26]