"Алтай Ресорсиз" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
21.01.22 09:27
/KASE, 21.01.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Алтай Ресорсиз" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі
жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін
ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 26 220 170 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға SYNTECH FZE (ЕЭА, Шарджа) болып табылады.
[2022-01-21]