ҚазТрансОйл " АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай тасымалдауды штаттық режимде жүзеге асыратыны туралы хабарлайды

11.01.22 11:10
/KASE, 11.01.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Нұр-Cұлтан) өзінің 2022 жылдың 10 қаңтарындағы баспасөз мәлімдемесін Биржаға ұсынды, онда былай деп хабарланады: цитатаның басы Қазақстан Республикасындағы Төтенше жағдай режимі жағдайында "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі штаттық режимде жұмыс істейді. Мұнайды Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына және экспорттық бағыттарда тасымалдау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Ресей мұнайының Қытайға транзиті де тұрақты режимде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимі кезінде қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне зиян, сондай-ақ "ҚазТрансОйл" АҚ өндірістік объектілері мен мүлкіне залал тіркелген жоқ. "МұнайТас" ЖШС, "Қазақстан-Қытай құбыр желісі" ЖШС, "магистральдық су құбыры" ЖШС өндірістік объектілері штаттық режимде жұмыс істейді. цитатанының соңы Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_100122_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_100122.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_.pdf – ағылшын тілінде. [2022-01-11]