KASE Scila AB – мен Scila Surveillance қазақстандық нарығында қадағалау жүйесін енгізгені туралы хабарлады

28.12.21 16:41
/KASE, 28.12.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) және Scila AB (Швеция) KASE алаңында биржалық нарықтағы дұрыс емес әрекеттерге қарсы тұру мақсатында Scila Surveillance автоматтандырылған қадағалау жүйесін жеткізуге және енгізуге келісім жасады. Scila AB – қаржы нарығын теріс пайдалануды анықтау құралдарын ұсынатын нарықты қадағалау, ақшаны жылыстатуға қарсы күрес және тәуекелдерді басқару бойынша жетекші тәуелсіз технология провайдері. Scila Surveillance жүйесі – бұл нарықтың тұтастығын сақтау және оған инвесторлардың сенімін арттыру үшін қазіргі уақытта 20-дан астам елде, соның ішінде биржаларды, реттеушілерді және нарық қатысушыларын қоса алғанда, тұтынушылардың сайттарында орналастырылған нақты уақыттағы қатысушыларды бақылаудың жоғары технологиялық және икемді шешімі. Аталмыш оқиғаға арналған KASE баспасөз хабарламасы KASE интернет- сайтында – https://kase.kz/files/press/ru/28_12_2021_KASE_SCILA_rus.pdf жарияланған. [2021-12-28]