"RG Brands Kazakhstan" ЖШС 2020 жылға жалғыз қатысушыға дивидендтердің екінші траншын төледі

23.12.21 10:50
/KASE, 23.12.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "RG Brands Kazakhstan" ЖШС (Алматы) 2021 жылдың 22 желтоқсанында жалғыз қатысушыға 2020 жылға арналған дивидендтердің екінші траншын 5 700 023 750,40 теңге сомасында төлеу туралы хабарлады. 2020 жылы дивидендтердің жалпы сомасы 9 900 041 293,84 теңгені құрады. Бұл ақпарат орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/RGBK/rgbk_dividends_221221_723.pdf [2021-12-23]