"RG Brands" АҚ 2020 жылға KZ1C00000496 (RGBR) жай акциялары бойынша дивидендтердің екінші траншын төледі

23.12.21 11:03
/KASE, 23.12.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "RG Brands" АҚ (Алматы) 2020 жылға KZ1C00000496 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, RGBR) жай акциялары бойынша дивидендтердің екінші траншын 2021 жылдың 22 желтоқсанында төлегені туралы Биржаға хабарлады. Аталған хабарламаға сәйкес дивидендтердің екінші траншын төлеу сомасы 5 700 023 750,40 теңгені құрады, дивидендтердің 2020 жылы акционерлерге нақты төленген жалпы сомасы 9 900 041 293,84 теңгені құрайды. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/RGBR/rgbr_dividends_221221_711.pdf [2021-12-23]