"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ жалғыз акционері "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамына бірігу туралы шешім қабылдады

14.12.21 18:10
/KASE, 14.12.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ (Нұр- Сұлтан), Директорлар кеңесінің 2021 жылдың 07 желтоқсанындағы келесі шешімдерін мақұлдады: Акционер келесі шешімдерді қабылдады: - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ты «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-қа біріктіру арқылы қайта құрылсын; - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ пайдасына бір акцияға 1 387,20 теңге бағамен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ- ның 57 937 775 дана акциясын орналастырылған акциялар санының шегінде сатуға; - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның 78 830 137 акциясы жарияланған акциялар саны шегінде бір акцияға 1 019,55 теңге бағамен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жалғыз акционерінің пайдасына орналастыру. Аталмыш ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/AGKK/agkk_decision_sole_shareholder_071221_5804.pdf [2021-12-14]