24 желтоқсанда "Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

25.11.21 11:25
/KASE, 25.11.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы" АҚ (Нұр-Cұлтан) 2021 жылдың 24 желтоқсанында сағат 15:00-де өз акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатыны туралы Биржаға хабарлады. Жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе компанияның және оның еншілес ұйымдарының 2021 жылдағы қызметінің қорытындылары бойынша қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды анықтау туралы мәселе болып табылады. Аталған жиналысты өткізу туралы ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/CAEP/caep_special_shareholders_meeting_info_191121_617.pdf [2021-11-25]