"PartnerInterFreight" ЖШС (ПартнэрИнтэрФрэйт) өзінің KZ2P00004401 (PIFRb1) облигацияларын өтегені туралы хабарлады

25.11.21 10:10
/KASE, 25.11.21/ - "PartnerInterFreight" ЖШС (ПартнэрИнтэрФрэйт) (Темиртау) 2021 жылдың 22 қарашасында өзінің KZ2P00004401 (PIFRb1) облигацияларын өтегені, сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - 6-шы купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 73 607 496,00 теңгені, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың жиынтық номиналды құнының) сомасы – 70 102 377,14 теңгені, 6-шы купондық сыйақысы – 3 505 118,86 теңгені құрады. [2021-11-25]