27 желтоқсанда "Шұбаркөл көмір" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

23.11.21 16:10
/KASE, 23.11.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Шұбаркөл көмір" АҚ (Қарағанды) 2021 жылдың 27 желтоқсанында сағат 10:00-де өз акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатыны туралы Биржаға хабарлады. Аталған жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе: мүдделі ірі мәмілеге өзгерістер енгізу туралы. Аталған жиналысты өткізу туралы ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/SHUK/shuk_special_shareholders_meeting_info_271221_4732.pdf [2021-11-23]