10 желтоқсанда "AMF Group" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

05.11.21 16:58
/KASE, 05.11.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "AMF Group" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2021 жылдың 10 желтоқсанында өз акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетіні туралы Биржаға хабарлады. Аталған жиналыстың күн тәртібінде келесі мәселелер: - компанияның 2021 жылдың 30 қыркүйегіне аяқталған қаржылық есептілігін бекіту туралы; - компанияның 2021 жылдың тоғыз айына жекелеген қаржылық есептілігінің қорытындысы бойынша таза табысын бөлу туралы. Аталған жиналысты өткізу туралы ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/AKFI/akfi_special_shareholders_meeting_info_101221_244.pdf [2021-11-05]