30 қарашада "АстанаГаз КМГ" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

26.10.21 10:34
/KASE, 26.10.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "АстанаГаз КМГ" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2021 жылдың 30 қарашасында сағат 10:00-де өз акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатыны туралы Биржаға хабарлады. Аталған жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер: - қоғамның Директорлар кеңесінің сандық құрамын анықтау; - қоғамның Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін анықтау; - қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау; - қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасын сайлау; - қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелеріне өздерінің міндеттерін орындағаны үшін сыйақы мен өтемақы көлемін анықтау. Аталған жиналысты өткізу туралы ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/AKMG/akmg_special_shareholders_meeting_info_301121_379.pdf [2021-10-26]