"КазТрансОйл" АҚ 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы өндірістік қызметі нәтижесі туралы хабарлайды

20.10.21 16:44
/KASE, 20.10.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2021 жылдың 20 қазанындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы «ҚазТрансОйл» АҚ 2021 жылғы қаңтар-қыркүйектегі өндірістік қорытындыны шығарды. Есепті кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен 30 млн 824 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2020 жылдың 9 айына қарағанда 918 мың тоннаға төмен. «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі көрсеткішпен салыстырғанда 1 млн 364 мың тоннаға ұлғайып, 12 млн 755 мың тоннаны құраған. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ға 4 млн 25 мың тонна мұнай, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ға 3 млн 664 мың тонна мұнай, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ға 4 млн 316 мың тонна мұнай, «CASPI BITUM» БК» ЖШС-ға 750 мың тонна мұнай жеткізілді. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_201021_kz.pdf мекен-жайында жарияланған. [2021-10-20]