"Өскемен құс фабрикасы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

14.10.21 11:44
/KASE, 14.10.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Өскемен құс фабрикасы" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 394 533 дана; - компанияның 191 400 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "AITAS KZ" АҚ болып табылады. [2021-10-14]