26 қазанда "АстанаГаз КМГ" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы өтеді

13.10.21 11:25
/KASE, 05.10.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "АстанаГаз КМГ" АҚ (Нұр-Сұлтан), 2021 жылдың 26 қазанында акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетіні туралы хабарлады. Күн тәртібіндегі мәселе: - Қоғамның Директорлар кеңесінің жаңа құрамын анықтау туралы; - Директорлар кеңесінің өкілеттігі мерзімін анықтау; - Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау; - Қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасын сайлау; - Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелеріне өзінің міндеттерін орындағаны үшін сыйақы және өтемақы шығындарының көлемін анықтау. Жиналыс өткізу туралы ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/AKMG/akmg_special_shareholders_meeting_info_261021_358.pdf [2021-10-13]