"КоЖаН" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

12.10.21 14:05
/KASE, 12.10.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "КоЖаН" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 11 748 046 дана; - компанияның 10 748 046 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Матен Петролеум" АҚ болып табылады. [2021-10-12]