"Kaspi Bank" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
11.10.21 16:48
/KASE, 11.10.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Kaspi Bank" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін
ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 39 000 000 дана,
артықшылықты акциялар саны – 500 000 дана;
- банктің 19 500 000 жай акциялары және барлық артықшылық акциялары
орналастырылған;
- банк өзінің 1 154 460 жай акциясын және 127 516 артықшылықты акциясын кері
сатып алды;
- банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі
санына иеленген жалғыз тұлға "KASPI GROUP" АҚ болып табылады, оның меншігінде
17 668 952 (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 88,34 %)
соның ішінде банктің 17 347 729 жай акциясы (банктің орналастырылған жай
акцияларының жалпы санынан 94,56 %) және 321 223 артықшылықты акциясы
(банктің орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санынан 64,24 %)
бар.
[2021-10-11]