06 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасы "Алматытемiр" АҚ KZ2C00001493 (ALTMb1) облигацияларының сауда-саттықтары қайта басталады

05.10.21 17:42
/KASE, 05.10.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың 06 қазанынан бастап "Алматытемiр" АҚ (Алматы) KZ2C00001493 (KASE балама сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, ALTMb1) облигацияларының сауда-саттықтары қайта басталатыны туралы хабарлайды. Аталмыш акциялардың сауда-саттықтары 2021 жылдың 17 қыркүйегінен бастап уақытша тоқтатылған. Аталмыш акциялармен сауда-саттық KASE 2021 жылдың 30 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тіркеген облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулер толықтыруларды алуына байланысты, жаңартылды. Бұл өзгерістер мен толықтырулар облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу тәртібіне, шарттарына және мерзіміне, облигациялар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін берілген облигациялардың, келісімдердің (шектеулердің) және мүліктің тізімінің өтелмеу жағдайын анықтауға қатысты. Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/ALTM/altmf9_ALTMb1_izm_300921.PDF жарияланған. [2021-10-05]