17 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасында "Алматытемiр" АҚ KZ2C00001493 (ALTMb1) бағалы қағаздарының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылды

17.09.21 09:53
/KASE, 17.09.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2021 жылдың 17 қыркүйегінен бастап KASE-де "Алматытемiр" (Алматы) АҚ KZ2C00001493 ( KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, ALTMb1) облигацияларының сауда-саттығы уақытша тоқтатылды. Уақытша тоқтату аталған облигацияларды ұстаушылардың 2021 жылғы 14 қыркүйекте өткен жалпы жиналысына байланысты, онда осы облигацияларды шығару шарттарына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. [2021-09-17]