"Самұрық-Энерго" АҚ Қазақстанда 2021 жылдың қаңтар-шілде айларында электр энергиясы мен көмір өңдегені туралы хабарлады

14.09.21 12:11
/KASE, 14.09.21/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан), Биржаға 2021 жылдың 14 қыркүйегінде ақпараттық хабарлама ұсынды: цитата басы 2022 жылдың үшінші тоқсанында Екібастұз қаласындағы «Богатырь» ірі кен орнында көмір өндіру мен тасымалдаудың жаңа технологиясын іске қосу жоспарлануда. Осыдан кейін «Богатырь Көмір» ЖШС-ның өндірістік қуаты жылына қазіргі 42 млн.тоннадағы көрсеткіштен 50 млн. тоннаға дейін өспек. Бұл туралы бүгін Екібастұз энергия кешені кәсіпорындарына жасаған жұмыс сапары барысында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Тютебаев Серік Сүйінбекұлы айтып берді. Оның айтуынша, «Богатырь» разрезінде жүзеге асырылатын «Көмір өндірудің циклдық-ағындық технологиясы» жобасы өнімнің сапалық сипаттамаларын да жақсартады, әрі еңбек өнімділігін арттырады, сондай-ақ көмір өндірісінің өзіндік құнын төмендетеді. Естеріңізге сала кетсек, «Богатырь Көмір» ЖШС Екібастұз көмір бассейнінің екі разрезінде, «Богатырь» және «Северный» нысандарында, көмір ашық тәсілмен өндіріледі. Кәсіпорынның өндірістік қуаты - жылына 42 млн.тонна көмір, оның ішінде «Богатырь» разрезі бойынша - 32 миллион тонна (ЦАТ іске қосылғаннан кейін – 40 млн. тонна), «Северный» разрезі бойынша - 10 миллион тонна. цитата соңы Хабарламаның толық нұсқасы KASE интернет-сайтында: https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_140921_kz.pdf жарияланған. [2021-09-14]