Tethys Petroleum Limited компаниясы ағымдық бұрғыдау жұмыстары мен лицензия алу жұмыстары туралы жаңартылған ақпарат ұсынды

13.09.21 12:50
/KASE, 13.09.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, Tethys Petroleum Limited компаниясы (Кайман Аралдары) Биржаға ұсынған 2021 жылдың 10 қыркүйегіндегі баспасөз мәлімдемесін ұсынды. ... Гранд Кайман, Кайман аралдары - Бүгін Tethys Petroleum Limited (TSXV: TPL) («Tethys» немесе «Company») бұрғылау және лицензиялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы жаңартуды ұсынды. KBD-03 ұңғымасы тесілген, Юра көкжиегінен өнеркәсіптік ағын алынды. Бастапқы тәуліктік өндіріс көлемі (05.09. жағдай бойынша) 9 мм дроссельмен 44 тонна (шамамен 300 баррель) құрайды. Басшылық ұңғыманы ынталандыру үшін қышқылдандырғышты қолдану арқылы өнімді арттыруға мүмкіндік бар деп есептейді және оны өндірісті ұлғайту үшін қолдануды қарастырады. ... Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы KASE интернет-сайтында: - https://kase.kz/files/emitters/KY_TPL_/ky_tpl__reliz_130921_1.PDF – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KY_TPL_/ky_tpl__reliz_130921_eng_1.pdf – ағылшын тілінде жарияланды. [2021-09-13]