/KASE, 21.07.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "North Caspian Petroleum" (Норт Каспиан Петролеум) АҚ
(Атырау), 2021 жылдың 25 тамызында сағат 15:00-де өз акционерлерінің
жылдық жалпы жиналысы келесі күн тәртібімен басталатыны туралы
хабарлады:
- компанияның 2020 жылға қаржылық есептілігін бекіту туралы;
- компанияның 2020 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін және
компанияның бір жай акциясына шаққандағы дивидендтің мөлшерін
анықтау туралы;
- акционерлердің компания мен оның лауазымды тұлғаларының іс-
әрекеттеріне жүгінуі және оларды қарау қорытындылары туралы
мәселені қарау туралы.
Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылған
–
https://kase.kz/files/emitters/NCPR/ncpr_annual_shareholders_meeting_info_250821_036.pdf
[2021-07-21]